RU EN TR KZ Байланыс

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ КОНГРЕСІ



ТҮРКІ ӘЛЕМІ БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ КОНГРЕСІ

Түркі мемлекеттері ұйымының Х Саммитінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанның Ұйымға төрағалығы «Түркі дәуірі!», яғни «TURKTIME!» ұранымен өтетінін мәлімдеді. Президент «Түркі бірлігін дәріптеудің маңызы зор. Өйткені біздің тарихымыз, мәдениетіміз, тіліміз және діліміз – ортақ» деп айтқан еді. Сонымен қатар, 2023 жылы қазан айында  өткен Түркі мемлекеттері ұйымы елдеріндегі туризм мәселелеріне жауапты министрлердің VIII отырысында Түркістан – Түркі мемлекеттерінің 2024 жылғы туристік астанасы атанған еді. Осыған орай,  Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Географиядан Республикалық атаулы мектеп және География және су қауіпсіздігі институты бірлесе отырып ТҮРКІ ӘЛЕМІ БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ГЕОГРАФИЯ  КОНГРЕСІН  2024 жылдың 19–20 сәуір күндері аралығында Түркістан қаласында  өткізуге шешім  қабылдады. 

Конгрестің негізгі мақсаты‒ Еуразия материгіндегі  ұлан-ғайыр аймақта қоныстанған Түркі тілдес  елдердің  ғалымдары  арасындағы ынтымақтастықты  нығайтып, географиялық  зерттеулердің дамуына ықпал ету.

 

Серіктестер