RU EN TR KZ Байланыс

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ КОНГРЕСІ



«Яссы» қонақ үйі

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің туризм кафедрасының практикалық дағдыларын дамытуға арналған «Яссы» қонақ үйі университетімізге қарасты мекеме болып табылады. «Яссы» қонақ үйі қаланың орталығында орналасқан туристердің арасында аса танымалды бұл қонақ үй инфрақұрылымы мен көлік жол айрығымен ерекшеленеді. Әрі қонақ үйден Қожа Ахмет Ясауи кесенесін 400 метр аралықтан тамашалай алуға болады. Орталық базарға жеңіл автокөлікпен 5 минутта , жаңа қала ықшам ауданына 10 минутта , әуежайға 30 минутта жетуге болады. 

Қонақ үй ғимараты жалпы 4 қабаттан, 34 бөлмеден тұрады. Ондағы 1- қабатында ресторан, VIP ресторан, әкімшілік және жертөле бөлігінде кір жуу бөлімі, 2-3-4 қабаттарында қонақ бөлмелері орналасқан. Бөлмелерімізде теледидар, кондиционер, мини-бар, wifi және автотұрақ қызметі бар.

Адрес: Қазақстан, Түркістан обылыс, Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы, 344

тел: +7 705 439 24 98

тел: +7 747 714 12 53

тел: +7 708 309 02 99