RU EN TR KZ Байланыс

ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ КОНГРЕСІ



СИМПОЗИУМ ТУРАЛЫ


ТҮРКІ ӘЛЕМІ БІРІНШІ  ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ГЕОГРАФИЯ КОНГРЕСІ
ТҮРКІСТАН Қ. 18 - 20 СӘУІР 2024
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Түркі мемлекеттері ұйымының Х Саммитінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанның Ұйымға төрағалығы «Түркі дәуірі!», яғни «TURKTIME!» ұранымен өтетінін мәлімдеді. Президент «Түркі бірлігін дәріптеудің маңызы зор. Өйткені біздің тарихымыз, мәдениетіміз, тіліміз және діліміз (менталитет) – ортақ» деп айтты. Сонымен қатар, 2023 жылы қазан айында  өткен Түркі мемлекеттері ұйымы елдеріндегі туризм мәселелеріне жауапты министрлердің VIII отырысында Түркістан – Түркі мемлекеттерінің 2024 жылғы туристік астанасы атанды. Осыған орай, Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Географиядан Республикалық атаулы мектеп және География және су қауіпсіздігі институты бірлесе отырып ТҮРКІ ӘЛЕМІ БІРІНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ  ГЕОГРАФИЯ КОНГРЕСІН 2024 жылдың 18 –20 сәуір күндері аралығында Түркістан қаласында  өткізуге шешім  қабылдады. 

Конгрестің негізгі мақсаты ‒ Еуразия материгіндегі  ұлан-ғайыр аймақта қоныстанған Түркі тілдес  елдердің  ғалымдары  арасындағы ынтымақтастықты  нығайтып, географиялық  зерттеулердің дамуына ықпал ету.

Конгресс жұмысының негізгі бағыттары:

1. Түркі тілдес мемлекеттер мен елдердегі  географиялық білім беру мен зерттеулердің мәселелері.
2. Түркі тілдес  елдер географиясын оқытудың теориялық және практикалық маңызы
3. Түркі тілдес географиялық ұғымдар мен терминдердің әдістемелік негіздері
4.Түркі тілдес мемлекеттердегі табиғат ресурстарының  әлеуеті, шаруашылықта  тиімді  пайдаланудың инновациялық технологиялары мен  әдістері.
5. Түркі тілдес мемлекеттер мен  елдердегі табиғи қорықтар мен рекреациялық аймақтардың  жағдайы және халықаралық туризмнің даму әлеуеті. 
6. Түркі тілдес мемлекеттерде  су ресурстарын және  қауіпті табиғи процестерді  басқару.